2012

Рассмотренных обращений: 2
Не рассмотренных обращений: 2

1-сыныпқа ашық сабақ
Автор: С.А. Секенова

Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа белсенді түрлері мен әдістерін қолдану

«Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа белсенді түрлері мен әдістерін қолдану» тақырыбы бойынша педагогикалық оқулар

 

Динамизм және үздіксіз оқыту біздің өмірімізге ертеден келген, сонымен қатар оқытудың жаңа әдістері мен құралдары, автоматтындырылған оқыту жүйелер, электрондық техника енгізіліп келеді.

Оқытудың мазмұнындағы, әдістері мен құралдарындағы өзгерістер әдістемеде да маңызды өзгерістердің туындауына себеп болды. Соңғы жылдар ішінде педагогикалық ғылым мен тәжірибе оқытудың әдістеріне көп назар аударады. Бұл әдістер өздерінің мазмұны мен тәсілдері бойынша оқушылардың ішкі және сыртқы белсенділігінің жоғары деңгейінсіз жұзеге асырылуы мұмкін емес.

№ 11 кәсіптік лицейінің педагогикалық ұжымы 3 жыл «Базалық кәсіптік дағдылар мен құзыреттілікті қалыптастыру бәсекеге қабілетті жұмысшы даярлығының шарты ретінде» бірынғай әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істеді, өйткені ТжКО негізгі мақсаты оқушыларда анықталған мамандық саласында кәсіптік шеберлікті қалыптастыру болып табылады. Біздің оқушылар өздерінің кәсіптік қызметінде бейімделу үшін әр біреуіміз өз тәжірибемізде оқыту мен тәрбиелеуде әртүрлі «белсенді» түрлер мен әдістер қолданады деп мен үлкен сенімділікпен айта аламын.

2012 жылғы 03 ақпанында педагогикалық оқулар өтті. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерімен келесі баяндамалар дайындалды:

1. Оқытудың интерактивтік әдістері (репродукциялық, ішінара – ізденушілік, шығармашылық және т.б.) – А.Т Қожахметова,математиктер;

2. Үй жұмысының әр түрлері (топтық, шығармашылық, дифференциалдық, көрші үшін және т.б.) – Э.Б.Гатина, неміс тілі оқытушысы;

3. Оқу сабақтарының дәстүрден тыс түрлерін қолдану (кіріктірілген сабақтар, бірынғай тақырыппен, мәселемен бірлескен, құрамдастырылған, жобалау сабақтар, шығармашылық шеберханалар және т.б.) – Е.А.Корнева, арнайы пәндер оқытушысы;

4. Жұмыстың әр түрлерін қолдану (топтық, бригадалық, қос, жеке, фронталдық және т.б.) – А.Ю.Корниенко, ө/о шебері;

5. Оқыту белсенділігінің деңгейің жоғарлататын жұмыс түрлері – Г.И.Краева, Р.К.Хамзин, ө/о шеберлері;

6. Проблемалық – міндетті (проблемалық сұрақтар, проблемалық жағдайаттар және т.б.) – Ж.Ж.Жанатаев, А.Сулименов, ө/о шеберлері.

Педагогтер өз тәжірибелерімен алмасты және сабақты дәстүрден тыс түрде қалай бастауға болады, тәжірибеде оқытудың қандай белсенді түрлері қолданады, арнайы технологиялар мен өндірістік оқыту сабақтарын қызықты түрде қалай өткізеді, сабақтарда қандай үй жұмыстарын қолдануға болады және сабақтарда оқытудың интерактивті әдістерді қолдану туралы айтып берді.

 

Әдіскер С.Секенова


Просмотров: 536
Дата создания: 05.03.2012
Дата редактирования: 05.03.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource